«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
30 маусым 2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №57 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым айлары бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: «24» мамыр мен «24» маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: «24» мамыр мен «24» маусым аралығы.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым айлары бойынша.
«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №4.
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің штаттық құрылымы – 8. Атап айтқанда басшысы 1, 2 бас маман, статист-1, әдіскер- 1, басшының хатшысы-1, курерь-1, автокөлік жүргізуші-1. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде бақылау-тексеру функциялары жоқ.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр және 2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым айларында бөлімнің үнемделген қаржы болуына орай, қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақы берілді.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым айлары айлары бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, «Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында брошюралар таратылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы» атты мақала Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына және бөлімнің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-15-12 бекітілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
|
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, жұмысшы топтың жетекшісі |
А.Ақтаев |
|
|
|
|
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы |
Г.Маратова
|
|
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскер маманы |
Р.Ескалиева |
|
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің есепке алу статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы, жұмыс тобының мүшесі |
А.Тасжанова |
|
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің хатшысы, жұмыс тобының мүшесі
|
А.Егеубаева |