Сағыз ауылдық округі әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы
Сағыз ауылы 10.06.2025 ж.
Қатырасқандар: «Сағыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас мамандары.
Кіріспе бөлімі: 2025 жылдың 16 мамырдағы №155 өкімді басшылыққа алып «Сағыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 3-14 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүргізілуде:
Осыған орай жиналысқа Жұмыс тобының басшысы - Сағыз ауылдық округ әкімі А.Арыстанов, Жұмыс тобының мүшелері және Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы С.Сапаш (хатшы) қатынасты;
Сипаттама бөлігі:
- Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау:
- Мүдделер қақтығысын реттеу
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу;
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
- Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер;
Хабарлама жасалды С.Сапаш (хатшы):
- Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау барысындағы артық құжат сұрату фактілеріне жол бермеу және өтініштердің мерзімін қарау бойынша Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағиданың және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІН заңдылықтарына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, е-лицензия және е-өтініш базаларының орындау қағидаларын толықтай үйрету жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныс етті.
- Округ аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының заңдылығын, мерзімін қатаң бақылауға алу, тиісті міндеттерін орындамаған жағдайда мерзімінде сотқа жүгіну;
- Жұмыс тобының басшысы, Сағыз ауылдық округ әкімі А.Арыстанов: Аталған ұсыныс бойынша заң талаптарымен нормаларын қатаң сақталып, тиісті сала мамандарымен бірлесіп жұмыс жүргізілсін.
Осы жиналыс хаттамасы «Сағыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің веб сайтына және әлеуметтік желілеріне жариялансын.
|
Жиналыс төрағасы:
|
|
А.Арыстанов
|
|
Хатшы:
|
|
С.Сапаш
|