Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Тукенов Максат Галимович 1986 жылы туған, басшы,«Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Борангалиев Муратбек Базаргалиевич 1977 жылы туған, сектор меңгерушісі, «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемсесі, Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Салыков Сандибек Аманбаевич 1982 жылы туған, басшы, «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы 1990 жылы туған, әкім, «Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы