«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы

№1

 

Өткізілген күні: 2025 жылғы 17  маусым                                               

Қатысқандар: округ әкімі және округ әкімі аппаратының бас мамандары.

Шақырылғандар: Аудан әкімдігінің веб-сайтында және бөлімнің әлеуметтік парақшаларында 17.06.2025 жылы сағат 17:49-да жария талқылау өтетіндігі туралы хабарлама жарияланды.

 

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

 

Тыңдалды:

Округ әкімі А.Жақсиев ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.

Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, округ әкімінің  2025 жылғы 16 мамырдағы  №138 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың шілде айы мен 2025 жылдың маусым  айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер болмады.

Жалпы талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына байланысты қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша баяндалды.

 

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:

 

  1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын барлық қызметкерлері мүлтіксіз сақтасын.
  2. Осы жиынның барысы туралы аудан әкімдігінің сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялансын.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                               А.Жақсиев

 

Хаттама жүргізген                                                                 А.Нұрадинова

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы
Дата публикации
20 июня 2025