Заманауи саясаттың қос қанаты

Заманауи   саясаттың қос қанаты

 

Отбасы – ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізгі ұясы. Осыған байланысты Қазақстанда отбасылық және гендерлік саясатты дамытуға бағытталған арнайы тұжырымдамалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл саясат отбасының рөлін күшейтуге, гендерлік теңдікке қол жеткізуге және әйелдер мен ерлердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Отбасылық саясат – мемлекеттің қоғамдағы отбасылық қатынастарды реттеу, отбасы институтын қолдау және қорғауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени шаралар кешені.

Гендерлік саясат – әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат. Еліміз  әйелдердің саясатқа, бизнеске, ғылым мен білімге белсенді қатысуын қолдап келеді. Гендерлік теңдік – тек әйел құқығы емес, бұл – бүкіл қоғамның тең дамуының негізі.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2016 жылы қабылданып, бүгінде оның аясында бірқатар жобалар мен бағдарламалар іске асуда. Тұжырымдама екі бағытты біріктіре отырып, отбасы мен гендерлік теңдікті қатар дамытуға мүмкіндік береді.

Отбасылық және гендерлік саясат – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы үшін маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Қазақстан бұл салада елеулі нәтижелерге жетіп, отбасы институтын нығайту мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс атқарып келеді. Бұл саясат тек заң немесе бағдарламалар арқылы емес, әр азаматтың санасында отбасылық құндылықтар мен тең құқық идеяларын қалыптастыру арқылы іске асады. Болашақтың іргесі – тату отбасы мен тең қоғамда. Себебі, әрбір әйел өз отбасында бақытты, қызметінде табысты, қоғамда белсенді болуға лайықты.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендірлік саясат тұжырымдамасы аясында   Ойыл  ауылдық округінде де игі жұмыстар жүзеге асырылды.                     

Ойыл ауылдық округі әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты жүзеге асыру бағытында құрылған  Аналар  кеңесі жұмыс жасайды. Аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жас ұрпақты үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге үйрету, отбасындағы сыйластықты арттыру, өнегелі отбасыларды  дәріптеу мақсатында «Шалқыма» мәдениет үйінде «Ақ орамал – ұлттық құндылықтың жаршысы» тақырыбында акция өткізілді. Мақсаты ұлттық болымысымызды айғақтайтын ұлы ұғымдардың бірі – ақ орамал екендігін, ақ орамал ізгіліктің, тазалықтың, кіршіксіз пәктіктің, сұлулықтың, адалдықтың нышаны екенін жас ұрпаққа насихаттау.

Ойыл ауылдық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен  аяулы ана, ұлағатты ұстаз Басшимова Күлайра Қамбарқызының мерейлі 70 жасына орай «Ұстаз жолы – дара жол» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Ұстаздың жан-жақтан әр жылғы шәкірттері, құрдастары, группаластары келіп, құттықтау тілектерін білдірді.

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай «Пай  - пай шіркін, біздің көшенің келіндері – ай» атты келіндер байқауы өткізілді. Мақсаты ауылымыздағы үй мен жұмыстың тізгінін қатар ұстап, халықтың батасы мен ыстық ықыласына бөленіп жүргенкеліндердің бойындағы асыл қасиеттерді кейінгі ұрпаққа үлгі ету.  

1 маусым еліміздің тірегі, болашағымыздың үміті балаларымызға бақытты балалық шақ тілей отырып, ерекше балалардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, тәттәлер таратты.

15-маусым Әкелер күні мерекесіне орай Ойыл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында отбасы құндылығын дәріптеу, әкелердің отбасы мен қоғамдағы ролін арттыру мақсатында  ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Бұл шараға да аналар кеңесі мүшелері қатысып, тұшымды ойларын айтты.

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Мырзағалиева

 

 

Заманауи саясаттың қос қанаты
Дата публикации
20 июня 2025