«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айларына арналған талдамалық анықтама

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айларына арналған
талдамалық анықтама

2025 жылғы 13 маусым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №58 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айлары.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

  • персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • мемлекеттік қызмет көрсету;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • бақылау-тексеру функцияларын орындау;
  • бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу;
  • бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде туындайтын өзге де мәселелер.

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мекенжайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 4.

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы 7 бірліктен тұрады. Атап айтқанда:

  • бөлім басшысы – 1;
  • бас маман – 3;
  • басшының хатшысы – 1;
  • әдіскер – 1;
  • жүргізуші – 1.

Қазіргі таңда бөлім басшысы мен бас маман лауазымдары бойынша 2 бос орын бар.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Бөлім арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) – 23 қызмет;
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 39 қызмет;
  • құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну – 31 қызмет;
  • эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 152 қызмет.

Мемлекеттік қызметтердің барлығы белгіленген мерзімде көрсетілген.

Сонымен қатар бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өз бетінше қабылдау актілерінің есебі жүргізіледі, алайда бұл мемлекеттік қызметке жатпайды.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

Бақылау-тексеру функцияларын орындау

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу

Бөлімнің 2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айларына арналған қаржылық жоспарына сәйкес 5 195 571,0 мың теңге бөлінген.

Оның ішінде 202 057,2 мың теңге конкурс жеңімпазының анықталмауына және жұмыстардың орындалмауына байланысты игерілмеген.

Бөлімге бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, мемлекеттік сатып алулардың электрондық веб-порталында жарияланады.

Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Өткізілген мемлекеттік сатып алулар тәсілдері, конкурс құжаттамалары, сатып алуды өткізу туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу және конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 263 конкурс жарияланды. Камералдық бақылау нәтижесінде 5 ескерту беріліп, 5 конкурс құжаттамасына өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар 16 баға ұсынысы сұратуы жарияланып, олардың барлығы толық көлемде орындалды.

Жауапкершілікке тартуға негіз болатын құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Қазіргі уақытта Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №244 «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысына сәйкес, конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды «Атырау облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ ұйымдастырады.

Бөлім құрылыс жұмыстары бойынша тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаражат бөлінеді.

Мердігер ұйымдар авторлық және техникалық қадағалау растаған орындалған жұмыстар актілерін жасайды, кейін олар тапсырыс берушімен қол қойылады. Актілер қағаз нұсқада рәсімделіп, төлем жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым аралығында «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы:

  • заңды тұлғалардан – 32 өтініш;
  • жеке тұлғалардан:
    • 7 сұрау салу,
    • 2 ұсыныс,
    • 2 хабарлама,
    • 1 шағым түскен.

Әрбір өтініш бойынша тиісті актілер жасалып, аудан әкімі аппаратына ай сайын есеп тапсырылып отырды.

Барлық өтініштер белгіленген мерзімде орындалды.

Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптары сақталады.

Бөлім аудан әкімі аппараты ғимаратында орналасқан. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша ақпараттық материалдар орналастырылған.

«2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Құқықтық шараларды талап етеді», «Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады» тақырыптарында аудандық «Қызылқоға» газетінде, сондай-ақ бөлімнің Facebook және Instagram парақшаларында эскиздік келісім алу жөнінде бейнероликтер жарияланған.

Бөлімге келіп түскен шағымдарды тіркеу журналы әзірленіп, 2-13-42 сенім телефоны бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында анықталған өзге мәселелер

Тәуекел:


Әлеуетті өнім берушілер жұмыстарды орындау мерзімін бұзған жағдайда шарттың жалпы сомасынан әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1 пайыз мөлшерінде, бірақ шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын тұрақсыздық айыбын өндіру көзделген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 152-бабына сәйкес бөлім тарапынан тұрақсыздық айыбын өндіру туралы ескерту хаттары жолданады.

Алайда көптеген жағдайда өнім берушілер ерікті түрде төлем жасаудан бас тартып, мәселенің сотта қаралуын күтеді. Себебі сот тәжірибесінде олар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 297-бабына сүйеніп, тұрақсыздық айыбы мөлшерін 80 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізеді.

Мұндай сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру үшін бөлімге жоғары тұрған органның келісімі қажет болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу шарты бойынша тапсырыс берушінің құқықтарын қорғауға кедергі келтіреді.

Ұсынымдар:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары шарттарына мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық өндірістік жұмыс кестесін енгізу;
  • сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерге балдық жүйе бойынша шектеулер енгізу;
  • заң талаптарын сақтайтын өнім берушілерге басымдық беру;
  • бөлімге жоғары тұрған органның келісімінсіз апелляциялық шағым беру құқығын қарастыру.

 

Сыбайлас жемқорлық мониторингінің қорытындылары

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлық мониторингінің мақсаты – Қызылқоға аудандық құрылыс бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мониторинг Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 4 мекенжайында орналасқан «Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де жүргізілді.

Электрондық пошта: kizilkoga-stroi@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 (71238) 2-13-42.

Мониторинг жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін.

Бақыланған кезең: 2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айлары.

Мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жай-күйін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерге талдау жүргізілді.

 

III. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар:

  • мемлекеттік орган қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;
  • бөлімге келіп түсетін өтініштерді сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
  • Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын күшейту;
  • «Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметін электрондық форматқа көшіру жөнінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс жолдау.

 

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының жетекшісі

Е. Игали

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі

Г. Сәрсенқұлова

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі

О. Набиев

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі

Н. Қуанышқалиев

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 2024 жылғы мамыр–желтоқсан және 2025 жылғы қаңтар–маусым айларына арналған талдамалық анықтама
Дата публикации
16 июня 2025