Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 

 

  1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 10.06.2025 жыл сағат 11.00 де,  Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы. 
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттікмекемесі. 
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері:  2025 жылдың 16.05.2025 жылғы округ әкімінің №55 өкімі. 

          «Тайсойған  ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің               2020 жылғы 8 қаңтардағы №4 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.  

  1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы – Қозбақов Төреш Орынбасарұлы ; округ әкімі аппаратының бас мамандары, Нұхесова Үміт Нұхесқызы , Ұлықпан Аягөз.
  2. Тексерілетін  субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің  аты:

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Қозбақов Төреш Орынбасарұлы.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер; 

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады. 

  1. «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас маман – 2 адам, келісім-шарт қызметкерлер саны – 11 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, статист, тазалықшы,  автокөлік жүргізушісі, күзетші , электриг,сантехник) жұмыс істейді.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 

         -05.09.2024 жылы округ әкімінің №90 өкімімен округ әкімі аппаратының күзетшісі А.Жұбатырова өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

         -17.09.2024 жылы округ әкімінің №94 өкімімен округ әкімі аппаратының күзетшісі болып Т.Жайғалиева жұмысқа алынды.

         -30.09.2024 жылы Ж.Шаденова басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты округ әкімінің №100 өкімімен   өз арызы бойынша  округ әкімі аппаратының бас маман есепші лауазымынан босатылды.

         -07.10. 2024 жылы округ әкімінің №102 өкімімен округ әкімі аппаратының есепші қызметіне Ж.Жанболатқызы жұмысқа алынды.

         -03.12.2024 жылы А.Ұлықпан округ әкімінің №116 өкімімен округ әкімі аппаратының есепші қызметіне алынды.

         -03.12.2024 жылы округ әкімінің №118 өкімімен  Ж.Жанболат 02.12.2024 жылдан бастап өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

        -18.12. 2024 жылы округ әкімінің №123 өкімімен А.Ұлықпан 18 желтоқсан 2024 жылыдан бастап өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

        -18.12.2024 жылы  округ әкімінің №124 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға А.Ұлықпан уақытша тағайындалды.

        -03.02.2025 жылыокруг әкімінің №10 округ әкімі аппаратының бас маман есепшісі А.Ұлықпан арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі апаратының бас маман -есепшісі болып тағайындалды.

       -07.04.2025 жылы округ әкімінің №33 өкімімен округ әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі М.Өтепов өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

      -16.05.2025 жылы округ әкімінің №54 өкімімен Д.Әнесов округ әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі болып қызметке орналасты.

     - 19.05.2025 жылы округ әкімінің №56-өкімімен Н.Қуанышқалиев округ әкімі апаратының статист қызметіне 0,5 (елу) пайыз жүктемесімен қызметке тағайындалды.

       -03.06.2025 жылы округ әкімінің № 63-өкімімен округ әкімі аппаратының хатшысы А.Урбисиновадан қызметтік қажеттілікке байланысты 25 (жиырма бес) пайыз мөлшерде қосымша жүктеме қайтарылып алынды.

    -03.06.2025 жылы округ әкімінің №70-өкімімен А.Дабысова статис маманы қызметіне  0,5 (50 пайыз)жүктемесімен және округ әкімі аппаратының хатшы қызметіне 0,5 (50 пайыз) жүктемесімен қызметке тағайындалды.

  1. «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

            4) «Тайсойған  ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

           5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

  7)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

8) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

9) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

14). «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін     атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы; 

-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

15).«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.   

Округте ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ержелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу,жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook.instagram)жарияламау және сол сияқты құқық бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Округте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау,бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру,тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау: 

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №271 «Ашық бюджеттер инернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына «budget.egov.kz» орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп ,электрондық веб-порталда жарияланады.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Округте негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде Баға ұсынысын сұрату тәсілменен кәзіргі уақытқа дейін – 67 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

16.«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

17.«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

  1. «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың шілде айы мен 2025 жылдың маусым айы бойынша жалпы саны – 88 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

20.«Тайсойған  ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың шілде айы мен 2025 жылдың маусым айы бойынша жеке тұлғалардан 18 өтініш түсіп, 18 өтінішке заң шеңберінде түсіндірілді. 

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 91-3-15 сенім телефондары жария етілген.

 

 Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының басшысы

 _____________________Т.О.Қозбақов

«____» _______________ 2025 жыл

 

 Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ү.Н. Нұхесова

 

 Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ А.Ұлықпан

 

 

 

Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
13 июня 2025