|
Қызылқоға ауданы Миялы ауылы азаматтарының жекелеген санаттарына ауылдық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы |
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20-бабы 1-тармағы 4,6-тармақшаларына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
3) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;
2) 15 пен 18 жасқа дейінгі адамдар.
|
Аудан әкімі |
|
Қ.Әзмұханов |