«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «24» маусым 2025 жыл Жангелдин ауылы

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығындағы  қызметіне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«24» маусым 2025 жыл                                          Жангелдин ауылы

        

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-аудан әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №76 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

1) Қанат Ғайса Мақсотұлы-округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы;

2) Байдаулетова Рысбике Нурымовна-зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы;

3) Ескалиева Гульфайрус Каиргалиевна-округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі;

4) Куанышева Жанар Максотовна-округ әкімі аппаратының бас маманы;

5) Қадиева Тыныштық Қадиқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;

6)Мурзагереев Дулат Сейтжанович-округ әкімі аппаратының бас маманы;

7)Оразов  Аязбай Серикович-зейнеткер, Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығындағы кезең қамтылады.
  2. Округ әкімі Ғ.Қанатқа топ төрағасы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Округ әкімі аппараты-әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;

Округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республиксының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылы, Демеу Асанғалиев көшесі, №3А

  1. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ді зерделеді.

 

2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штат саны                         5 бірлікті, техникалық қызметкерлер15 бірлікті құрайды. Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдау, аудандық Мансап орталығы филиалының жолдамасы арқылы жүргізіледі.

 

Округ әкімінің 2024 жылғы 15 қазан №140 өкімімен К.Бурабаев, Н.Калменов, Ж.Казиев келісімшарт негізінде округ әкімі аппаратының от жағушы лауазымына қабылданды.

Округ әкімінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №59 өкімімен К.Бурабаев, Н.Калменов, Ж.Казиев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты округ әкімі аппаратының от жағушы лауазымынан босатылды.

Округ әкімінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №67 өкімімен округ әкімі аппаратының 0,5 бірліктегі электригі С.Жумыргожин бір жұмыс күні ішінде үш сағат қатарынан одан да артық жұмыс орнында себепсіз болмауына байланысты лауазымынан босатылды.

 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

 

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету;

Округ әкімінің аппаратында Е-лицензия базасы қолжетімді жұмыс жасайды.Қазіргі таңда 5 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылып отыр. «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы халыққа қызмет көрсетуде. Бұрыш қажетті жабдықтармен жабдықталып, 324 электрондық цифрлық қолтаңба және 73 электрондық көрсетілетін қызметтер көрсетілді.

 

2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

Округ әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

2.6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

2.7. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

2024 жылдың 1  маусымы мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында округке  «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы, жеке және заңды тұлғалардан 17 өтініш түсіп, өтініш иелеріне мерзімінде жауап берілді.

2.8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар орналастырлды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, аудандық «Қызылқоға» газетіне және Қызылқоға ауданының ресми интернет ресурсына мақала жарияланды.

Округке келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-60-30 бекітілген.

III. Персоналды бағалау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар анықталмады.

        

 

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы

                        Ғ.Қанат

 

 

Зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы

                        Р.Байдаулетова

 

 

Округ әкімі аппаратының бас-маман есепшісі

                        Г.Ескалиева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Ж.Куанышева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Т.Қадиева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Д.Мурзагереев

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «24» маусым 2025 жыл Жангелдин ауылы
Дата публикации
12 июня 2025