«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы 2024 жылдың 1 тамызымен мен 2025 жылдың 30 маусымы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы

 

2024 жылдың 1 тамызымен мен 2025 жылдың 30 маусымы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

 

         11.06.2025.ж.                                                                         Миялы ауылы                                                                       

 

         Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының               2025 жылғы 16 мамырдағы №44 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

 Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Ташимов Мәди Қайырғалиұлы-жұмыс тобының жетекшісі, бөлім басшысы;

Төлеуғалиева Венера Төлеуғалиқызы - жұмыс тобының мүшесі, сектор меңгерушісі;

Уақитова Фаризат Салтанатқызы - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

Бибозқызы Әйгерім - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

Василий Жұлдыз Нұрбекқызы - жұмыс тобының мүшесі, бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2024 жылдың 1 тамызымен мен 2025 жылдың 30 маусымы бойынша

 Талдау кезеңі: 2025 жылдың 24 мамыры - 24 маусым аралығы

  5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

3)Мүдделер қақтығысы жоқ;

4)Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

5)Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

6)Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;

7)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,     нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.           

         2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау

1)Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-5 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 3 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы 7 қызметкер жұмыс істейді.

2025 жылдың 23 қаңтары №10 бұйрығымен бас маман Г.Сабекенова өз еркімен жұмыстан босатылды.

2025 жылғы 3 сәуірдегі №29 бұйрықпен бөлімнің сектор меңгерушісі Сапиев Ержан Жолдасұлы өңірлік кадр резервімен басқа мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімге Бибозқызы Әйгерім 2025 жылғы 8 мамырдағы №39 бұйрықпен  бас маман болып тағайындалды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (8712(38)21842) жұмыс жасайды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 48 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Коммуналдық меншікті басқару:

 Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру,  тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz  сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz  сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша  1  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1)Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары;

 2025 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 59 мемлекеттік қызмет Отбас Банк порталы арқылы көрсетілді. Оның ішінде 52-іне қызмет көрсетуден бас тартылды.

5)Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың тамыз айы және 2025 жылдың маусым айы бойынша бөлімге өтініш ақпараттық жүйесімен тікелей 4 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

6)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде талданып отырған кезеңге мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде:

 

№

р/с

Тәуекел

Ұсынымдар

1

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының 1-тарауына сәйкес:

1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде _________ ауылдық елдi мекенiнде орналасан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды.

Қағиданың 4-қосымша, 1-тарау, 1.2 тармағындағы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесін 5 жылға ұзарту бойынша өзгеріс беру сұралады.

 

Қызылқоға ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан болуына орай келген мамандар 3 жыл міндеттемесі аяқталған соң, облыс орталықтарына жұмысқа кету көптеп орын алуда. Бұл өз кезегінде қажетті мамандардың тұрақтамауы салдары орын алып отыр.

Осы аталғандардың негізінде мәселені шешу мақсатында 3 жыл міндеттемені 5 жылға өзгертуге ықпал ету сұралады.

 

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету;
  4. Аталған тәуекелдер бойынша, Атырау облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсыныс беру.

 

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, жұмысшы топтың жетекшісі

 

 

 

М.Ташимов

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

В.Төлеуғалиева

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

Ф.Уақитова

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

Ә.Бибозқызы

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

Ж.Василий

 

 

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы 2024 жылдың 1 тамызымен мен 2025 жылдың 30 маусымы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
11 июня 2025