|
Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және 2-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 шілдеге Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
М.Муканов
|
|
|
|
|
Хатшы
|
Е.Ульжабаев
|
Миялы ауылы
2025 жылғы 4 маусым
№ 7