«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды  жүргізу туралы

Акт

 

  1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 07.2020 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2020 жылдың 01.07.2020 жылғы округ әкімінің №97 өкімі.

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы №274  қаулысымен алынған 2013 жылғы 28 қарашадағы №20-1915-06-ММ Ереженің  негізінде жұмыс  атқарады. 

  1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Есқалиев Мереке Василийұлы - округ әкімі; округ әкімі аппаратының бас есепшісі және бас мамандары Кубашева Гулшат Борангалиқызы, Есимова Маргарита Жанбырбаевна, Нурлыбаева Райхан Ескабыловна, Өтесінова Нұржамал Ерболқызы.
  2. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің  аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 7 адам,  техникалық   қызметкерлер   саны 6  -  адам жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

09.01.2020 жылы округ әкімінің № 9-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы етіп М.Қондыбай  қабылдады. 

09.01.2020 жылы округ әкімінің № 10-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен  М.Есимова тағайындалды. 

14.02.2020 жылы округ әкімінің № 30-ө өкімімен Кенбай ауылының кітапханасына от жағушы қызметіне аудандық жұмыспен қамту орталығының №66 жолдамасына сәйкес Ж.Намазбаев жұмысқа алынды.

 21.02.2020 жылы округ әкімінің №36-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы Ж.Сарбаеваға тәртіптік жаза қолданылды.

15.04.2020 жылы округ әкімінің №63-ө өкімімен еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысы А.Есенгулова, Ә.Иргалиев, А.Үмбетов, Қ.Әділ, Т.Есенбаев, Н.Дауымшаров, Б.Кубешов, Ж.Намазбаев от жағушы қызметінен босатылды.

22.06.2020 жылы округ әкімінің №93-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы етіп Р.Нурлыбаева жұмысқа алынды.

23.06.2020 жылы округ әкімінің №95-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы М.Есимоваға тәртіптік жаза қолданылды. 

23.06.2020 жылы округ әкімінің №96-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесіноваға тәртіптік жаза қолданылды.

 «Алтын кілт» бөбекжай  балалар  бақшасы мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық мекемесінде штат саны – 33,9  бірлікті құрайды.  Атап айтқанда меңгеруші - 1, меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары  - 1 адам, әдіскер - 0.5, тәрбиешілер –9 адам, саз жетекшісі – 1, дене тәрбиесінің нұсқаушысы -0,5, техникалық қызметкерлер саны- 19 адам жұмыс жасайды.

«Алтын кілт» бөбекжай  балалар  бақшасы мемлекеттік  коммуналдық   қазыналық мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметінде  кадрлардың ауысуы болған жоқ.

21.05.2020 жылы №42 бұйрықпен А.Ізбас зейнет жасына шығуына байланысты шықты.

04.05.2020 жылы №40 бұйрықпен Ж.Сарсенғалиева өз арызы бойынша жұмыстан босады.

01.03.2020 жылы  №30 бұйрығымен аудандық жұмыспен қамту орталығың жолдамасы негізінде А.Көшмұқанов жүргізуші қызметіне алынды.

«Мұқыр орта мектебі» мемлекеттік мекемесіндегі  штат саны 159.  Атап айтқанда, 112 мұғалім, 47 техникалық  қызметкер  қызмет етеді.

2020 жылдың 5 қаңтар №1 бұйрық аудындық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде А.Сайын жастар тәжіриебесімен жұмысқа алынды.

2020 жылдың 22 қаңтар №16 бұйрықпен аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде С.Үмбетов, Қ.Құттыбаев маусымдық жұмысқа алынды.

2020 жылдың 3 наурыз №58 бұйрықпен аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Н.Қаратай жастар тәжіриебесімен жұмысқа алынды.

2020 жылдың 14 қаңтар № 8 бұйрықпен Қ.Назаров жұмыстан босатылды.

2020 жылдың 13 сәуір №71 бұйрықпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты А.Изгалиева жұмыстан босатылды.

2020 жылдың 15 сәуірі №73 бұйрықпен С.Саюп, С.Үмбетов, Қ.Тоғызбаев, Қ.Құттыбаев, Ж.Кайрова, Қ.Әділғалиева, М.Азаматова маусымдық жұмыстың аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды.

2020 жылдың 18 мамыры №83 бұйрықпен А.Сайын келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды.

2020 жылдың 1 маусымы №91 бұйрықпен Н.Қаратай, А.Ролланқызы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды.

МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі  штат саны 3,5.  Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам, 1 техникалық  қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.

2020 жылдың 26 қаңтары №07-01-02/54 санды аудан әкімінің орынбасары М.Абуовтың және  округ әкімі М.Есқалиевтың 2020 жылғы 30 қаңтары №07-23/44 санды шығыс хаттарына сәйкес 2020 жылдың 06 наурызы №13 бұйрықпен Қайнар ауылдық клубының меңгерушісі С.Махамбет, 2020 жылдың 06 наурыз №14 бұйрықпен Жантерек елді мекенінің клубы меңгерушісі Е.Жұмағали, 2020 жылдың 10 наурыз №15 бұйрығымен Соркөл елді мекені клубының меңгерушісі Б.Досбосынов елді мекен клубтарының штатын нормативке сәйкес келтіру мақсатынды жұмыстан шығарылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын қамтамасыз ету мақсатында округ әкімі М.Есқалиевтың 2020 жылғы 26 ақпан №23-64/18 санды хатына сай, кәсіпорынның мәдени жұмысты ұйымдастырушы А.Жарылгасинова мекеме басшысы А.Есенғалидың 2020 жылғы 26 наурыз №29 санды ескертуі беріліп, 2020 жылдың 16 сәуір күнгі №17 бұйрықпен жұмыстан босатылды.

Осы хаттың негізінде кәсіпорынның көркемдік жетекшісі А.Есенғали 2020 жылдың 6 ақпаны күнгі мекеме басшысының ескертуі бойынша №16 бұйрықпен 2020 жылдың 10 наурызынан бастан жұмыстан босатылды.

2020 жылдың 5 маусымы №18 бұйрықпен аудандық жұмыспен қамту орталығының  жолдамасы негізінде Б.Досбосынов 3 ай сынақ мерзімімен уақытша мәдени жұмысты ұйымдастырушы болып жұмысқа алынды.

2020 жылдың 5 маусым №19 бұйрығымен аудандық жұмыспен қамту қамту орталығының жолдамасы бойынша Ж.Бақтыбаева 3 ай сынақ мерзімімен уақытша кәсіпорынның көркемдік жетекшісі болып жұмысқа орналасты.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

 10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.
  3. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 6 ай бойынша жалпы саны – 245 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
  4. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізіліп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы арналған жадынамаларды халық көп шоғырланған орындарға Казпочта, мұқыр дәрігерлік амбулаториясына, Мұқыр ауылдық округ әкім аппартының ғимараттарына орналастырылды.

          Ғ.Сланов және М.Зұлханов, 5ауыл  көшелеріне  «Атырау адалдық алаңы», «Ұрлық түбі қорлық», «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел »  «Параға емес биікке ұмтыл» тақырыптарында баннерлер ілінген. «Парақорлық –балалардың арманын ұрлау» тақырыбында А3 форматтағы бетшелер округке қарасты мекемелерге ілінді. Мұқыр орта мектебінде «Парасатты мектеп» жобалық кеңесі аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды.Сондай-ақ, мектепте «Парасатты азамат»  және «Адалдық дүкені» бар. Мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 10-11 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дебат өткізілді. «Сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында сынып сағаттары мен адалдық сағаттары өтті. 9 сыныптарға «Адал бол» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. 8 сыныптар бойынша «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлекеттік сектор субьектілері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і,  Мұқыр орта мектебі,  МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі   www. adaldyk.kz   тіркелген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан  47 арыз  түсіп, оның  ішінде 6-ы оң шешілсе, 41-і  заң шеңберінде түсіндірілген.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы   журнал  ашылған ,                      61-5-49   сенім телефондары  жария  етілген

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының басшысы

 _____________________М.В. Есқалиев

«____» _______________ 2020 жыл

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ М.Ж. Есимова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Г.Б. Кубашева

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Н.Е.Өтесінова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Р.Е. Нұрлыбаева

 

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт
Дата публикации
02 ноября 2020