«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

 

                                                                                         "Бекітемін"                                                     

Жамбыл  ауылдық  округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы _______________З.Суатова

"30" маусым  2020 жыл

 

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы

 анықтама

 

  1. Анықтаманың жасалған күні, уақыты және орны: 06.2020 жыл сағат 11.00 де, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2020 жылдың 17 маусым күнгі округ әкімінің №71 өкімі.
  4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Суатова Зайда Болатовна-округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы; жұмыс тобының мүшелері Аяшова Назигул Аяшқызы, Бисембайұлы Тоқтар, Наушабаева Ардак Бигалиевна.
  5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Суатова Зайда Болатовна.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 11 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 4 адам, 1- спорт нұсқаушысы,   техникалық қызметкерлер саны 6 - адам жұмыс жасайды.

Округке қарасты «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық мекемесінде штат саны – 21 бірлікті құрайды.  Атап айтқанда меңгеруші – 1 адам, әдіскер – 0,5 адам, тәрбиешілер –4 адам,  саз маманы – 0,5 адам, психолог – 0,5 адам, есепші – 0,5 адам, мейірбике – 0,5 адам, техникалық қызметкерлер саны   - 13,5  адам жұмыс жасайды.

2020 жылдың I жарты жылдығында қызметкерлердің ауысуы орын алған жоқ.

 «Қаракөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің штат саны – 99 адам.  Мұғалімдер саны-61, техникалық қызметкерлер саны-38 адам жұмыс жасайды.

2020 жылдың I жарты жылдығында қызметкерлердің ауысуы орын алған жоқ.

«Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық  коммуналдық  кәсіпорыны штат саны –   10 бірлікті құрайды.  Атап айтқанда мекеме  директоры - 1, әдіскер – 1 адам, көркемдік  жетекші – 1 адам,  техникалық қызметкер саны – 6 адам, есепші – 1 адам жұмыс жасайды.

Жылдын ішінде қызметкерлердің ауысуы  орын алды. 21.01.2020 жылғы №4 бұйрығымен Г.Закиева өз еркімен жұмыстан босатылып, 28.01.2020 жылғы №8 бұйрығымен Д.Асан көркемдік жетекші болып жұмысқа қабылданды.      

 Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
  2. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
  3. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.
  5. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жыл бойынша түрлі мемлекеттік қызметтер оның ішінде «Қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру» бойынша қызметтер көрсетілді.
  6. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Округке қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің Заң бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында аппарат қызметкерлеріне ескертіліп, округ әкімі тарапынан шығарылатын шешім, өкімдер қызметкерлерге уақыты таныстырылып, үнемі қатаң бақылауда.

Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр. 

Қаракөл ауылының орталығындағы М.Айшуақов көшесінде (Antikor Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз» Gall-Орталық 1424 қоңырау шалу тегін, #ПАРА БЕРМЕ #НЕ ДАВАЙ ВЗЯТКИ тақырыбында) баннер орнатылды.

Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді. 

Округ әкімі аппаратының мамандары мен ерікті жастар наурыз айында «Adaldyq  jolymen» челленджіне қатынасып, интернет желісінде жарияланды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жұмысының тиімділігін арттыру бойынша барлық мекемелерде шаралар қабылданып, өткізілді. Атап айтқанда жоғары сынып оқушылары арасынан құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмысын өз деңгейінде жүргізілуде. Сондай-ақ, мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты ауыспалы бұрышы жасақталды.

Қаракөл орта  мектебінде қаңтар айында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тәрбиелік шарасы, сәуір айында «Жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбиелік шарасы және мамыр айында «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында «Адалдық сағаты» бірыңғай сынып сағаттары қашықтықтан өткізілді.

Жамбыл орталық кітапханасында арнайы «Жемқорлықсыз болашаққа» атты кітап көрмесі жасақталған.

 «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында тұрғындарға және округ әкімі аппаратында ай сайын брифингтер өткізіліп ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің Атырау облысы бойынша департаментімен жасақталған жадынамалар кеңінен таратылуда.

Алға қарайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

  1. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың I жарты жылдығында бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 3-де оң шешімін тапты. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал  ашылған  және  41-4-25 сенім телефоны орнатылған.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының басшысы:                                                   __________ З.Суатова

«____»      ________  2020 жыл 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, 

жұмыс тобының мүшесі:                                                  ___________ Н.Аяшова

 «____»  _________      2020 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі:                                                 ___________ Т.Бисембайұлы

«______»      ________  2020 жыл                                  

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, 

жұмыс тобының мүшесі:                                                  ___________ А.Наушабаева

 «____»  _________      2020 жыл

 

 

 

 

 

:

 

 

 

                       

                      

 

 

 

 

 

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама
Дата публикации
29 октября 2020