Хабарландыру Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына конкурс өткізу туралы

           Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

  Атауы: Қызылқоға  аудандық Қоғамдық кеңесі.

 Мекен-жайы: индекс-060500, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы,  А.Құнанбаев көшесі 4, 1 қабат, «Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» ММ, 9- бөлме.

Байланыс телефондары:8 712 38  2-14-96, 2-14-10.

Электрондық мекенжайлар: maslikhat-k@mail.ru;

 g.ermukhambet@atyrau.gov.kz

Құжаттарды тапсыру кезеңі: 2020 жылғы « 15 »    қазан - « 30 »  қазан аралығында.

Сағ 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін

        Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

       Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, ауданның әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұратын азаматы аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат бола алады.

        Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
        1) сотталғандығы болмауы;
        2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
        3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес аталған талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
         Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:
        1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
        2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының                         4- тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрауға тиіс..

Шығып қалған қоғамдық кеңестің мүшелерінің орны 3 адам.

                 

Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына конкурс өткізу туралы
Дата публикации
13 октября 2020