Бірлесе әрекет ету керек!
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар, көлеңкелі тұсы да бірге жүретіндіктен, елдің әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Бұл бүгінгі күн тәртібіндегі үлкен мәселе болғандықтан бөлім қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білу күн тәртібінен түскен емес.
2024 жыл ішінде бөлім арқылы ашылған фейзбук (Қызылқоға Мәдениет бөлімі) әлеуметтік парақшасында 51 мәдени және бұқаралық-спорт бағытындағы іс-шаралар, 30 хабарландыру, 14 құттықтау, 12 ақпараттандырулар жарияланып, аудандық «Қызылқоға» газетіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бағытында 2 мақала берілді.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық іс-қимылын іске асыру шеңберінде бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне уақытылы ішкі талдау жүргізіледі.
Бөлім қызметкерлері алдағы уақытта да, еліміздегі заңдылықтарды толық сақталуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Теңелбай Гүлжанат Сансызбайқызы