Жемқорлықсыз болашақ – жастар таңдауы

Жемқорлықсыз болашақ – жастар таңдауы

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсер ететін, әділеттілік пен адам құқықтарын аяққа басатын қауіпті құбылыс. Бұл кеселмен күресу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, басты міндеті болуы тиіс. Осы орайда Қызылқоға ауданы аудандық ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бірқатар маңызды шаралар өтті.

9 қаңтар күні Тасшағыл мәдениет үйінде “Жемқорлыққа жол жоқ” атты кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың салдары мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен айтылып, адалдық пен әділдік қағидаттары түсіндірілді. Кездесуге 10-ға жуық жас қатысты. Шара барысында жастармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” ұранымен бейнеролик те түсірілді.

Одан бөлек, 14 қаңтар күні Қызылқоға ауылдық округінде тұрғындарға арналып арнайы брошюралар таратылды. Бұл ақпараттық парақшаларда жемқорлықтың анықтамасы, түрлері, заң бойынша қарастырылатын жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның маңыздылығы қамтылған.

Аталған шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың бойында әділеттілік, жауапкершілік, заңға деген құрмет сезімін нығайтуды көздеді. Сонымен қатар, жастардың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып, қоғам алдында адал еңбек етуге үндеуді басты мақсат етті.

Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Себебі әділдік салтанат құрған қоғам – кемел болашақ кепілі.

 

 

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің хатшысы Аяулым Егеубаева

Жемқорлықсыз болашақ – жастар таңдауы
Дата публикации
03 апреля 2025