ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есепті БЖЗҚ-ның ресми сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде ұсынады.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 22 650,19 млрд теңгені құрады.

Осы күнге қарай ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі шамамен 22 278,12 млрд теңгені құрады¹.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған және ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 308,83 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 63,23 млрд теңгеден асты.


¹ Зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы қаражат есепке алынбаған.

Инвестиционные пҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері ортфели пенсионных активов под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 марта 2025 года
Дата публикации
02 апреля 2025