Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы
Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күн тәртібіндегі үлкен мәселе болғандықтан, бөлім қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ету білу, мемлекеттік қызметшінің өз іс –әрекетін бақылауда ұстауы күн тәртібінен түскен емес.
Кәсіпкерлік құрылымдарына, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жаңа жобалар мен бағдарламаларды жеткізу мақсатында, 2025 жылдың 3 наурыз күні шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы көшпелі жиыны және 13-14-17 ақпан күндері барлық ауылдық округтерді аралап кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарға, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыздарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы түсінік берілді.
2025 жылдың екі айында бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы өтініш келіп түскен жоқ. Бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдаулар өткізіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.
Жыл басынан бөлім арқылы ашылған “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ”facebook парақшасында 11 және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм парақшаларында 11 әртүрлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, хабарландырулар, мәліметтер жарияланды.
Сонымен қатар, бөлімге кәсіп ашу бағытында келген 38 адамға (несие қаражатын алу, грант алу, сертификатқа оқу, кәсіпкерлік ашу және т.б) кеңестер берілді.
Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйенер әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімінің бас маманы О.Отарбай