«Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы

     

 

Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «_____»___________
№ ______ қаулысына қосымша

 

 

 

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

Жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы
    « »                                  №          қаулысына сәйкес құрылды.
  3. «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қызылқоға ауданы әкімдігі атынан кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде әрекет етеді.
  4. Кәсіпорын мүлікке иелік ету субъектісі болып табылатын мемлекеттік
    коммуналдық меншік құқығы «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілеттік органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның атауы: «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
  7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау
    облысы, Қызылқоға ауданы, индекс 060500, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі, 46.

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

  1. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзге белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалған деп есептеледі.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні Қызылқоға ауданында тазалық-абаттандыру, көгалдандыру қызметін жүзеге асыру болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қызылқоға ауданында қауіпсіз қалдықтарды жинау, жинастыру бойынша өзгеде қызметтерді (оның ішінде: көше сыпыру, қар мен мұзды жинау) жүзеге асыру, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру бойынша қызметтермен қамтамасыз ету.
  3. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған алаңшаларының айналасын арнайы техникалармен тазарту қызметтерін жүргізу;

2) аудан көлеміндегі барлық стихиялык, қордаланган қоқыс қалдықтарын тазарту, жою қызметтері;

3) аудан көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдық салынатын жәшіктердегі шабылған ағаштардан, металл сынықтарынан, құрылыс материалдарынан, тұрмыстық-техникалық қоқыс қалдықтарынан тазалау қызметтерін жүргізу және жиналған қоқысты арнайы орынға (полигонға) тасымалдау;

4) саябақтың, көшелердің, аялдамалар мен әлеуметтік нысандардың жанындагы қоқыс жәшіктерін көшелердегі урналар, контейнерлер мен қоқыс алаңшарларын уақытылы дезинфекциялау; (ұқсас қызметтерді біріктіру)

5) қоқыс алаңшарларының қоршауларын, контейнерлер мен урналардың майысқан (сынған) жерлерін түзету, қалпына келтіру қызметтері. Қажет болған жағдайда жаңарту, сырлау қызметтері. (ұқсас қызметтерді біріктіру)

6) аудан бойынша барлық асфальттанған және асфальттанбаған көшелердің екі жағынан (50 мер аумағындағы) арам шөптерді шабу және кездейсоқ лас-қоқыстан тазарту;

7) қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын (полигон) күтіп ұстау, жолын тазалау;

8) жауын-шашында (жаңбыр, қар) ауа-райының қолайсыз кезінде жедел жұмыс тобы (оперативная рабочая группа) кент аумағында (көшелерде, көп қабатты үйлердің аулалары, ойын алаңдары, саябақтар) жиналған суларды сору, құрғату, қардан уақытылы тазарту, арнайы орынға шығару қызметтерін орындау;

9) халық көп шоғырланатын демалыс орындарын, отырғыштарды сырлау, сынған жағдайда қалыпқа келтіру, қоқыстан тазалау;

10) көшедегі талдарды кесу, залалсыздандыру және көгалдандыру, суару жұмыстарымен айналысу;

11) көше бойларын абаттандыру; (ұқсас қызметтерді біріктіру)

12) бүлінген жаяу жүргінші жолдарының өрнектас төсемдерін қалыпқа келтіру, көше бойындағы бардюр тастарын әктеу;

13) саябақтар, ойын алаңдары, көше бойындағы қоршауларды сырлау, күтіп ұстау жұмыстары, бүлінген жағдайда жаңадан ауыстыру.

  1. Кәсіпорын Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының (директорының) құзіретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті өкілетті органның немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік ететін уәкілетті атқарушы органның, прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

  1. Құрылтайшы ұсынысымен жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді.

3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттары және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

4) Кәсіпорынның даму жоспарларына және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келесі жылға бекітеді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді.

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

7) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) Кәсіпорынға коммуналдық меншікті бекітеді;

9) Кәсіпорынға филиалдары мен өкілдіктерін құруға келісім береді;

10) Кәсіпорын мүлкін пайдалануға, соның ішінде кепілдікке, жалға, тегін пайдалануға мен сенімгерлік басқаруға келісім береді;

11) Кәсіпорын мүлкіне есеп жүргізеді және оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

12) Кәсіпорынның жылдық еңбекақы мөлшерін анықтайды;

13) Кәсіпорын басшысының, орынбасарларының және бас есепшісінің жылдық еңбекақыларын, сыйақы мөлшерін анықтайды;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, осы Жарғымен бекітілген басқа уәкілеттіктерді атқарады.

  1. Кәсіпорынның басшысы (директоры) оның органы болып табылады.
  2. Уәкілетті орган Кәсіпорынның басшысының (директорының) еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасау арқылы рәсімделеді.
  3. Басшы (директор) дара басшылық қағидалары әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы (Директор):

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) өзінің орынбасарларын тағайындайды және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

9) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіреттерін белгілейді;

10) қаржы - шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылық болады;

- таза табыстың   белгіленген бөлігін уақытылы бюджетке аудармағаны үшін;

- Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелігі және тиімділігі үшін;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен Кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

 

 

 

  1. Кәсіпорынның мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлсетері, пайдар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктін;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметтін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы жарғыда өзгеше көздемесе немесе аталған заттық құқықтық табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті пайдаланудың өнімі мен кірістері сондай-ақ, Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленсе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
    31. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабында көзделген жағдайға тоқтатылады.
  6. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың уәкілетті органның ұсынысы бойынша мыналарға:

1) ұжымдарға, өкілдер құруға;

2) оған тиесілі мүліктің қоғамдардың акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешекке билік етуге;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге.

  1. Кәсіпорын дебиторлық берешекті тиісті саланың уәкілетті органының жазбаша келісімімен ғана берешек шығарады, қарыз беруге құқылы.
  2. Кәсіпорынға оның шаруашылық жүргізу құқығындағы негізгі құралдарға жататын жылжымалы мүлікке дербес билік ету.
  3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленсе, осы Жарғының 35 және 37-тармақтарда көрсетілген мүліктен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады. Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.
  2. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
  3. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес жүзеге асырады.
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ, бюджет қаражылары есебінен құралған, сатылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілер анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 350 000 000 (үш жүз елу миллион) теңгені құрайды.
  2. Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезінде толық қалыптастыруы тиіс.

 

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы (директоры) бекіткен есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталына өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді және мемлекеттік міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  2. Мемлекет құрылтайшысы, уәкілетті орган әрекетінен туындаған жағдайдан басқа кезде шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұл жағдайда кредиторлардың сұранысын қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі кезінде мемлекет Кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді.

 

  1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын уәкілетті органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсіпорын басшысының, бас бухгалтерінің, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшері, оларға сыйақылар беру және өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

 

  1. Еңбек ұжыммен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және тарату жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  3. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган қайта бөледі.
  4. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 

Басшы

«Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы
Дата публикации
04 марта 2025