|
«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
|
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 102, 103 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17, 133-баптарына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) құрылсын.
- Қоса беріліп отырған Кәсіпорын Жарғысы бекітілсін.
- 3. «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміні» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
- 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.