Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін
іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын)
құру туралы мүддесін білдіруін сұрату
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына және Мемлекет басшысының 2024 жылы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Таза-Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы әкімдігі атынан «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сінің «Қызылқоға ауданының тазалық, санитарлық тазалық, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру» жобасы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру жоспарлануда.
Осыған орай, Мемлекеттік жекеменшік-әріптестік тетігін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды құру мүмкіндігін қарастыру бойынша ниет білдірушілер (жеке және заңды тұлғалардың) болған жағдайда, 2025 жылдың 29 наурызға дейін Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин 48 мекен- жайында орналасқан Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(712) 38 212 63, 8(712) 38 211 35, 8(776) 070 02 07.