Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

 

Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

 

Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен санала­ды. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді.

2014 жылы «Қазақстан Респуб­ли­касының 2015-2025 жылдарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Осы стратегияда да қо­ғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениеттің қалыптастырылуын оқу орын­дарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Бүгінде мемлекеттік органдар­да сенім телефондары орнатылған. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында мем­ле­кет­тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма­қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор­гандардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өт­кізілуде. Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. 

Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Сыбайлас же­м­­қорлықтың көріністерін жою мақ­са­тында заңнамалық актілер қа­был­дан­ды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қыз­мет­­тердің алынуын жеңілдету үшін элек­тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен­гізілді. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет са­ла­­сындағы басшылықты, мемлекеттік қыз­­мет көрсету санасын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұ­зу­шылықтардың алдын алу болып та­бы­лады. 

 

 

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Д.Нығметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Дата публикации
06 февраля 2025