Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

 

2025 жылғы 2 ақпанда Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл  ауылдық  округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

          Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы  9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға  ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:    

          

Ойыл ауылдық сайлау округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1348 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 792. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 25. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Ақбалашұлына

  614

Б.Т.Қияқбайға

  75

  Д.С.Мурзагереевке

  97

Ойыл ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Ақбалашұлы Абат 1965 жылы туған, Қызылқоға ауданы «Шалқыма» мәдениет үйі» МҚКК-ның шаруашылық меңгерушісі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі Жасқайрат ауылының тұрғыны сайланды.

 

Тасшағыл ауылдық сайлау округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны – 3, сайлаушылар тізіміне 1035 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 584. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 42. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 5.

 Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Б.Б.Ажигалиевқа

 103

 У.К.Каринге

 66

 Б.Д.Кереевке

 406

Тасшағыл ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Кереев Бауыржан Доскайырович, 1973 жылы туған, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Қызылқоға газ шаруашылығының директоры, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі Миялы ауылының тұрғыны сайланды.

                                                       

Қызылқоға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
03 февраля 2025