Қызылқоға ауданы «Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Шұғыла» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс

Қызылқоға ауданы «Сағыз  ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Шұғыла» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес «Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос тұрған «Шұғыла» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу күнін «Сағыз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: индекс 060507, Қызылқоға ауданы,Сағыз  ауылы Әбдікәрім Әшіров көшесі, 1 үй  «Сағыз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз  ауылы, Әбдікәрім Әшіров  көшесі №1.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

қалалық, аудандық маңызы бар ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдары, филиалдары үшін:

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

Кәсіби құзырлығы:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын  (бұдан әрі – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары);

ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Қызылқоға ауданы,  Сағыз  ауылы,Әбдікәрім Әшіров көшесі, 1 үй  «Сағыз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.Тел.871238/71147, 871238/71344.

 

Қызылқоға ауданы «Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Шұғыла» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс
Дата публикации
24 января 2025