Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін

мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

 

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №XXXХI-1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19қыркүйекте № 4493 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының , Қазақстан Республикасының 2005 6 бабына жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына  негізделген.

 

Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

  1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
  2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
  3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.
  4. Әлеуметтік қолдау Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
  5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы
Дата публикации
20 января 2025