Кешегі мен бүгінгінің айнасы

Кешегі мен бүгінгінің айнасы

 

Зіңгір көк түстес Тудың, шаңырақ бейнелі Елтаңбаның, жүректерде жатталған қуатты әуеннің аясында біртұтас болу үшін жиналған халқымыздың асқақ армандары уақыт өткен сайын ақиқатқа айналып келеді. Рәміздердегі әрбір белгі халықтың кешелі-бүгінгі өмірінің айнасы  іспетті. Сонысымен ыстық, сонысымен қадірлі. Сайын далада еркін қалықтаған қыран, сұлулықтың сырын ұғуға жетелейтін ою-өрнек, халықтың жүрек лүпілін сездіретін сырлы әуен, қасиетті шаңырақ, дүлдүл тұлпар шежірелі өткен күн мен кемел болашақ арасын жалғап тұрғандай. Қазіргі таңда бүкіл әлемге танымал, экономикасы дамыған алдағы қатардағы елдердің біріміз. Бұл ретте, еліміздегі халықаралық тыныштық, ынтымақтастық, өзара сыйластық пен азаматтық құндылықтарды сақтау мақсатында жүргізілетін саяси шараларды айтуға болады.

Еліміздің тарихына көз жүгіртсек, халқымыз әрқашан бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген. Достықтың арқасында бүгінде тұрақтылық пен үйлесімділік орнады. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бағыт елдегі тұрақтылықты, этосаралық құрмет пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Өзара сыйластық, тәріп пен тұтастық- бұл әрқайсысына өзінің азаматтық борышын орындауға көмектесетін өлшемдер деп санаймын.

Көк туымыз желбірегенде бар қазақтың жүрегіне қуаныш, сенім ұялататыны белгілі. Әнұран шырқалғанда әр адам орнынан тұрып, қолын жүрегіне қояды. Бұл-Әнұранға деген шексіз құрмет. Рәміздеріміз жасай берсін!

 

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасының хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы: Г.Маратова

Кешегі мен бүгінгінің айнасы
Дата публикации
13 января 2025