Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына,     21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері шекарасында Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімдері мен шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға орынбасары

А.Имашев

 

 

Хатшы

Е.Ульжабаев

Миялы ауылы

2024 жылғы 25 желтоқсан

№11

 

Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
25 декабря 2024