«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің аудандық «Арман» мәдениет үйі МКҚК бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылдың қаңтар-қараша айларына жүргізілген ішкі талдау туралы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып, «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ-нің аудандық «Арман» Мәдениет үйі МКҚК басшысының 2024 жылғы 26-шы қарашадағы №175/1 санды бұйрығымен бекітілген жұмысшы тобы мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мақсатында төмендегідей тармақтар бойынша талдау жүргізді:
Мекеме өз қызметін атқаруда келесі нормативтік-құқықтық актілерді қолданады:
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің аудандық «Арман» мәдениет үйі МКҚК-ның жалпы штат саны-48,5 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы-1, бөлім басшысының орынбасары-2, бөлімше меңгерушісі-1, заң қызметкері-1, шығармашылық қызметкерлер-20, қаржы және шаруашылық қызметкерлері-23.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің аудандық «Арман» мәдениет үйі МКҚК-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелділер анықталған жоқ.
Мекемеде 2024 жылдың 01-ші қаңтар 25-ші қараша айы аралығында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық бұзуға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Ешқандай шағым түскен жоқ.
Мекемеге жұмысқа алынған қызметкерлер аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы келіп отырған.
2024 жылдың 01-ші қаңтар 25-ші қараша аралығы жағдай бойынша мекемеге жеке және заңды тұлғалардан арыз шағым түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекеме дәлізінде орналастырылған, 5-58-42 сенім телефоны орнатылған.
Мекеменің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.
Жұмыс тобы:
«Қызылқоға аудандық мәдениет,
тілдерді дамыту,дене шынықтыру
және спорт бөлімі»ММ-нің аудандық
«Арман» мәдениет үйі МҚКК–ң
орынбасары Т.Бахтыгереева
Мәдени және бос уақытты өткізу
жөніндегі қызметті ұйымдастыру
бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Айдарбаева
Әдіскер А.Сарсенова
Заңгер К.Кадиргалиев