«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылдың қаңтар-қараша айларына жүргізілген ішкі талдау туралы АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің  бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024  жылдың  қаңтар-қараша айларына жүргізілген ішкі талдау туралы

АНЫҚТАМА

 

1.Сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі- «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                                                 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын» басшылыққа  ала отырып, «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының 2024 жылғы 26-шы қарашадағы№175/1 санды бұйрығымен  бекітілген жұмысшы тобы мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мақсатында төмендегідей тармақтар бойынша  талдау жүргізді:

  • Мекеменің қызметін қозғайтын  нормативтік-құқықтық актілер;
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Мекемеге келіп түскен жеке және заңды  тұлғалардың өтініштері;

Мекеме өзқызметін атқаруда келесі нормативтік-құқықтық  актілерді қолданады:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы                 №207 «Мәдениет туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіті туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергеілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
  • Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV Бюджет Кодексі
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы.
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ніңжалпы штат саны-67 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы-1, бөлім басшысының орынбасары-1, бөлімше меңгерушісі-6, заң қызметкері-1, есеп қызметкері-2, кітапхана қызметкері-40, шаруашылық қызметкері-18.
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас  жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелділер анықталған жоқ.

        Мекемеде 2024 жылдың 01-ші қаңтар 25-ші қараша айы аралығында мекеменің қызметіне қатысты  нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық  бұзуға ықпал ететін  дискрециялық өкілеттік пен  нормалар анықталған жоқ, мүдделер  қақтығысы  орын алған жоқ. Ешқандай шағым түскен жоқ.

         Мекемеге жұмысқа алынған қызметкерлер  аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы келіп отырған.

 2024 жылдың  01-ші қаңтар 25-ші қараша аралығы жағдай бойынша  мекемеге жеке және заңды тұлғалардан арыз шағым түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған  жәшік  мекеме дәлізінде орналастырылған, 2-16-56 сенім телефоны орнатылған.

          Мекеменің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық  жасауға  мүмкіндік  туғызатын ішкі жемқорлық  қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

 

Жұмыс тобы:

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту,дене шынықтыру

және спорт бөлімінің аудандық

орталықтандырылған кітапхана

жүйесі» КММ-нің директоры     Т.Базарбаев

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту,дене шынықтыру

және спорт бөлімінің аудандық

орталықтандырылған кітапхана

жүйесі» КММ-нің директорының

орынбасары                          Г.Айсағалиева

 

Хатшы Г.Мұқанова

 

Заңгер                                                                                         Т.Жумабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылдың қаңтар-қараша айларына жүргізілген ішкі талдау туралы АНЫҚТАМА
Дата публикации
18 декабря 2024