Қаулы жобасы
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Қызылқоға аудан әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамарыдағы №79 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылқоға ауданы әкімі
|
|
Қ.Әзмұханов
|