|
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «___»___________ № _____қаулысына қосымша |
|
|
«Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.«Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мекеме) аудан аумағында жер қатынастарын реттеуге бағытталған жер заңдылықтары іс-шаралар жүйесін іске асыру және сәулет қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
6.Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
10.Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11.Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
Аудан аумағындағы жерді тиімді пайдалану, жер қорының есебін жүргізу, жер ресурстарын қорғауға септігін тигізетін жағдай жасау, жерге орналастыруды жүргізу, елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.
14.Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге;
- Бөлім өзіне жүктелген функцияларды атқаруға қажетті ақпараттарды тиісті бөлімдерден сұратуға;
- Белгіленген тәртіппен аудандық бюджетті құрастыру үшін ұсыныстар енгізуге;
- Бөлімнің материалдық-техникалық және ұйымдық әлеуметтік қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар беруге;
-Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;
- Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.
2) Міндеттері:
- Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу,қала құрылысын игеруде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамсыз ету;
-Жер заңдарын және жерді пайдалану мен қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті атқарушы органдардың шешімдерін орындау;
-Жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру;
-Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскелерінің пайдалануына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
-Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіретін құрылымдық бөлімше заңнамаға сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шеңберінде дербес құрылымдық бөлімше ретінде мемлекеттік (жергілікті) атқарушы орган құрады немесе оның функциялары мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктелуі мүмкін.
-Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
-Заңнамалық белгіленген тәртіппен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;
-Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
-Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
-Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;
- Бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес жобаларының іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
- Жергілікті атқарушы органдарға обьектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларды оларды мемлекет қажеттері үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.
- «Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы 14 қызмет түрін көрсетеді:
1) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
2)Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
3)Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
4)Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
5)Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру;
6) Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
7) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;
8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
9) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
11) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
12) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну;
13) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
14) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру.
- Жер заңдарының қолдану практикасын қорытады;
- Жер қатынастарын реттеу жерді пайдалану және қорғауды, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша аудандық өкілді және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
-Аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;
-Жер Кодексінің 13,16,18 және 19 баптарында көзделген жайларды қоспағанда және жерді пайдалануға беру, мемлекет қажеттілігіне байланысты кері қайтарып алу, ауданның жер қорын құру, Жер кодексінің 71 бабының 2 тармағына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру жөнінде аудандық әкімдік қаулысының жобасын әзірлейді;
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
- Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйлерді қамтамасыз ету;
-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау бойынша мәселелерді қарау;
-Ауданда мемлекеттік сәулет- қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;
- Ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу;
- Белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған обьектілерін қабылдауға қатысу
3.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- мемлекеттік мекеменің басшысы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады. Конкурс қорытындысы бойынша бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және босатады.
- белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады,
- бөлім бойынша нормативтік құжаттарға қол қояды және бұйрықтар шығарады;
- бөлімге ішкі тәртіп енгізеді,
- бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату