Е Р Е Ж Е
«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Аудан әкімдігінің 202 жылғы «___» ____________ №_____ қаулысымен бекітілген
«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж ЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Мемлекеттік мекеменің мақсаттары құрылыс және қайта жаңғырту саласында қызмет көрсету мен қатар аудан қажеттілігіне қарай инфрақұрылыммен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау нысандары және әлеуметтік нысандарды салу, қайта жаңғырту және елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру болып табылады.
1) Құқықтары:
- аяқталған құрылыс және обьектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ обьектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады, тиісті ұсыныс пікірлер беруге, ҚНжЕ-ге және заңдылығы негізінде қабылдауға сәйкес келмегенде одан бас тартуға;
- жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады.
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге;
2) Міндеттері:
- құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік обьектілерінің жыл бойғы жұмыстарының қажеттігін анықтайды.
- аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерге қатыса алады.
- жаңа нысандардың құрылысына және коммуналдық меншіктегі нысандардың жөндеу жұмыстарына тапсырысшы бола алады.
- жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына сәйкес, орындалған жұмыстардың актісі формаларымен берілген көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады.
- аудан, облыс әкімдігі әзірлеген бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;
- өнеркәсіптік, құрылыс кәсіпорындарының қызметіне көмек көрсетеді және бақылау жасайды;
- аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;
3-тарау. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- мемлекеттік мекемені аудан әкімі тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады;
- мемлекеттік мекеменің басшысы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады. Конкурс қорытындысы бойынша бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және босатады.
- мемлекеттік мекеме басшысы бөлім қызметкерлерінің өкілдіктерін және міндеттерін анықтайды;
- белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады,
- бөлім бойынша нормативтік құжаттарға қол қояды және бұйрықтар шығарады;
- бөлімге ішкі тәртіп енгізеді,
- бұл орган туралы ережемен белгіленген құрылыс қызметі туралы заңдылығына қайшы келмейтін басқада міндеттерді жүзеге асырады;
- бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мекеменің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
5-тарау. Мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату
|
Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы |
Д.Нығметов |
«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
|
Қызылқоға ауданының әкімі |
|
Қ.Әзмұханов |