«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту » қалай жүзеге асырылады.

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту » қалай жүзеге асырылады.

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сай,  «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондыдық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар:

1) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) же рпайдалану (жалға алу) құқығын беру актісіне жер-кадастрлық жоспар);

3) Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.

 Көрсетілетін қызмет беруші жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы келіп түскен өтінішті бір жұмыс күні ішінде қарап шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне және объект салу үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда-аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолдайды.

Объект салу үшін берілген жер учаскелері бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттама арқылы сәйкестендіреді, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жолдайды;

Шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жер учаскесінің шекараларының өзгермегені туралы мәліметтерді жолдау туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ұсынылған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы монититорингтің нәтижелерін қарастырады;

         Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда аудандық құрлыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен және мемлекеттік корпорациядан келіп түскен қорытындыларды аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жинақтап, жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім жобасын дайындайды.

         Сонымен қатар, көрсетілген қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және

жер қатынастары бөлімінің бас маманы                                 Ж.Махметова

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту » қалай жүзеге асырылады.
Дата публикации
06 декабря 2024