Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 14 «Миялы, Сағыз, Мұқыр, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппараттарының ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 14 «Миялы, Сағыз, Мұқыр, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппараттарының ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығымен бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережеге сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 14 «Миялы, Сағыз, Мұқыр, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппараттарының ережелерін бекіту туралы» қаулысының 2-ші қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:

Қосымшаға сәйкес көрсетілген «Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. «Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (Б.Б. Әжіғалиев) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ж. Жанқуатовқа тапсырылсын.
  3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

 

Қ. Әзмұханов

 

Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 14 «Миялы, Сағыз, Мұқыр, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппараттарының ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 декабря 2024