Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЫ

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды

ХАБАРЫ

2024 жылғы 1 желтоқсанда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44, 113-10-баптарына сәйкес, Қызылқоға  ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

Сағыз ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4426 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 3096. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Г.Арыстановқа

  - 2023

А.А.Кенжегалиевке

  - 581

М.Г.Тукеновке

  - 459

Сағыз ауылдық округінің әкімі болып Арыстанов Асхат Гайдарович              1978 жылы туған, «Қасым» шаруа қожалығының төрағасы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі, Соркөл елді мекенінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.

 

                                              Қызылқоға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЫ
Дата публикации
02 декабря 2024