Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

     Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

 

  1. «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 2024 жылғы "27" желтоқсан, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Абай көшесі №4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк (ауылішілік) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

№1 лот, Миялы ауылішілік «Халыққа қызмет көрсету орталығы-Автобаза»

         №2 лот, Миялы ауылішілік «Байсеу ықшам ауданы-Мөлтек ықшам ауданы»

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Т.Қарабалин көшесі №48 Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ғимараты мекен-жайына немесе kzilkoga_zhkh@mail.ru электронды поштасына ұсынуы тиiс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы "17" желтоқсан, сағат: 18:00-ге дейін.
  4. 2024 жылғы "3" желтоқсанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Абай көшесі №4 ғимараттың 2-қабатында конкурстық Комиссия, конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
  5. Анықтама алу үшiн телефондар: 871238-2-12-63; 87789282802; 87751941970;

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
Дата публикации
26 ноября 2024