Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылғы жұмысы туралы есебі.

           Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің       2023 жылғы жұмысы туралы есебі.

                   

2023 жылдың 12 айына 4 513 519,0 мың теңге қаржы жоспарланып, 4 148 596,88 мың теңге игерілген. Орындалысы 92 % құрады.

 

Аудан көлемінде жүргізіліп жатырған құрылыс нысандарын атап айтатын болсақ:

Күні бүгінге дейін аудан көлемінде барлығы 29 нысан іске асырылуда. Оның ішінде: 5 нысан құрылыс, сәулет және қала басқармасы арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы басқарма арқылы 5 нысанның 2 нысаны, яғни Тасшағыл ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы және  Қызылқоға ауданы Айдын елді мекенінен медициналық пункт құрылысы аяқталды.

Бөлім тарапынан 26 нысанның 9 нысаны Қызылқоға ауданы Қоныстану және Жасқайрат ауылынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газбен жабдықтау), Жангелдин ауылынан спорт алаңының құрылысы, Миялы ауылынан орталық стадионды реконструкциялау, Былқылдақты елді мекенін сумен жабдықтау құрылысы, Кенбай елді мекенін сумен жабдықтау құрылысы, Сарықұмақ елді мекенін сумен жабдықтау құрылысы, Қоныстану елді мекенін сумен жабдықтау құрылысы, Соркөл елді мекенін сумен жабдықтау құрылысы қабылданды.

            Қызылқоға аудан Сағыз ауылындағы спорт кешенінің құрылысы бойынша мердігер мекеменің құрылыс жұмыстарының мерзімін және құрылыс сапасын бірнеше мәрте кешігіп, баяу орындауына байланысты, келісім шарт біржақты бұзылды. Қайта конкурс жарияланып, басқа мердігермен жұмыс жасау жоспарлауда.

         Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» (электрмен, сумен, газбен жабдықтау) нысаны бойынша, су және газ желілері аяқталып, қабылданды. Электр желісі құрылысы 90%-ға аяқталды. Вакуумды ажыратқыш орнату жұмыстары қалып отыр.

          Қызылқоға ауданы бойынша Қоңыраулы, Аққора, Қоғам елді мекендеріне су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталуда. Сонымен қатар, Тасқұдық елді мекені бойынша жобаға түзету енгізілуде. Қосымша құрылыс жұмыстары жасалуда. 2024 жылы толық аяқтап, іске қосу жоспарлануда.

         Сондай-ақ, Жасқайрат, Тасшағыл, Қарабау және Қоныстану ауылдарынан спорт кешендерінің қүрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады. Тасшағыл ауылынан әкімшілік ғимаратты реконструкциялау жұмыстары баяу жүргізілуде («ГрадСтройСервис» ЖШС-гі). Мерзімі кешіккен үшін сотқа берілді. Сот процесі жүруде.  Сонымен қатар Сағыз ауылынан әкімшілік ғимарат салу және қолданыстағы ғимаратты бұзу құрылысы баяу жүргізілуде, 2024 жылы аяқтау жоспарланған. Қызылқоға ауданы «Кереген – Сағыз – Жамансор» топтық су құбырын реконструкциялау, Миялы ауылынан орталық саябақ құрылысы, Миялы ауылындағы жазғы су құбырының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

         2024 жылы жаңадан Тайсойған, Қаракөл ауылдарынан спорт кешендерінің құрылысы, сондай-ақ Тайсойған, Қарабау, Қаракөл, Тасшағыл, Қоныстану, Жасқайрат, Миялы және Сағыз ауылдарынан спорт алаңының құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

 

         Тұрғын үй         сатып алу бойынша:

         Қызылқоға ауданы бойынша Миялы ауылынан 42 пәтер, Сағыз ауылынан 10 пәтер, Жангелдин ауылынан 4 пәтер, Тайсойған ауылынан 2 пәтер, Қарабау ауылынан 2 пәтер, Қоныстану ауылынан 2 пәтер, Жасқайрат ауылынан 2 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға барлығы 64 пәтер сатып алынды.

 

Аудан көлемінде салынуы жоспарланған құрылыстарға жоба-сметалық құжаттамалар жасақталуда, атап айтқанда:

  1. «Қызылқоға ауданы Сағыз және Мұқыр ауылдарынан буландыру алаңының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау». Жобалаушы «Уралводпроект» ЖШС-гі. Жобаның сараптамадан өту мерзімі 2024 жыл.
  2. «Қызылқоға ауданы Миялы, Сағыз ауылдарынан спорт алаңының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау». Жобалау жұмыстары аяқталып, сараптаманың оң қорытындылары алынды. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын салу жоспарлануда.
  3. «Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылынан спорт кешенінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама байламы». Жобалаушы «Дум-проект» ЖШС-гі жобаны аяқтап, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын салу жоспарлануда.
  4. «Кереген жер асты су қорындағы төрт ұңғыманың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау», Жобалаушы «КазЖобаСаулет-Консалтинг» ЖШС-гі. 2024 жылы сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда.
  5. «Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан жазғы су құбырының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау». Жобалаушы «Ешимкулов Н.» ЖК-гі. Аяқталуы қаңта 2024 жыл.
  6. «Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы Ноғайты өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама дайындау» Жобалаушы «КАЗГИДРО» ЖК-гі. Аяқталуы 2024 жыл.

        Сонымен қатар, «Тасшағыл ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау», «Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылынан шығармашылық орталықтың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау», «Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылынан спорт кешенінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама байламы», «Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылынан спорт кешенінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама байламы» жобалары бойынша демеушілік есебінен  ЖСҚ жұмыстары жүргізілуде.       

                 

"Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-сі бойынша:

        

         Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы тамыз айында аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілді.

         Қызылқоға ауданы Айдын елді мекенінен медициналық пункт құрылысы жұмыстары аяқталып, қазан айында қабылдау жұмыстары жүргізілді.

         Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы бойынша мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның аяқталу қаңтар 2025 жыл.

         Қызылқоға ауданы Миялы селосы IVA-IVГ жай геологиялық жағдаймен климаттық ауданда 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депо құрылысы жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, жобаның қымбаттауына байланысты түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2024 жылы толық аяқтау жоспарлануда.

         Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы. 2024 жылы жалғасын табады.

        

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылғы жұмысы туралы есебі.
Дата публикации
06 ноября 2024