Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

ЖОБА

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

 

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексі  696-3 бабының 5-тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
  2. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №15-2 «Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне №5156-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

         Лауазымы                                                                            Аты жөні

 

 

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

 

№

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Жобаны әзірлеушінің мәліметтері

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

 

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексі  696-3 бабының 5-тармағына сәйкес.

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыруға қаржы шығындарын талап етпейді.

 

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаны қабылдау  теріс әлеуметтік экономикалық құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соғады.

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Мәліметтер жоқ

 

 

 

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Басқа актілерге сәйкес келтіру талап етілмейді.

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 05 қараша  legalacts.egov.kz сайтында орналастырылды (90 112 байт).

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Аталған жобаның әлеуметтік  маңызы жоқ

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға  және  Қазақстан  Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

      Бөлім басшысы                                                                                        З.Сарбуфеева                                                                                  

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Дата публикации
05 ноября 2024