Нашақорлық - қоғамдық дерт
Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп, адам ой-санасы дамыған сайын, оған төнер дерт, кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түседі.
Өкiнiштiсi сол, осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді
Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.
Есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Олай болса Достар! Денсаулығымызға зиян келтіретін жаман әдеттерден аулақ болайық!
Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.
Жастар ойланайық, болшақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу — біздің өз қолымызда, Себебі, біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, бірге көтерейік!
