Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу бойынша Қызылқоға аудандық аумақтық референдум комиссиясының отырысы өтті
Бүгін 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру, дайындық жұмыстары бойынша Қызылқоға аудандық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық референдум комиссиясының төрағасы М.Муканов республикалық референдумға дайындық, ұйымдастыру жұмыстарына, учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту мәселелеріне тоқталды.
Комиссия хатшысы Е.Ульжабаев республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Комиссия төрағасының орынбасары А.Имашев республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы, комиссия мүшесі Ж.Оразғалиева республикалық референдумды өткізу кезінде мүгедектіктігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін баяндады.
