«Интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық жұмысы»

«Интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық жұмысы»

 

         Ақпараттық технология кең дамыған заманда кез-келген адам алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Қара ниеттілер бетпе-бет жүздеспей-ақ, таныспай-ақ интернеттің көмегімен немесе қоңырау шалу арқылы қашықтықтан алдап ақша жымқырады. Ішкі істер органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелер тарапынан алаяқтықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлініп, азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау үшін мемлекеттік органдар заңнаманы өзгерту шараларын қабылдауда, банктердің қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын талаптарды арттыруда, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды қорғаудың жаңа құралдарын енгізуде.

 Өндіріс орындарында, түрлі ұжымдарда әлеуметтік желілермен тұрғындардың чаттарында профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізіліпте отыр.Бірақ, соған қарамастан, азаматтар үшін интернет қызметтерін пайдалану кезінде сақ болуы маңызды. Өзіңізді және жақындарыңызды кибералаяқтардан қорғау үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:

- Бейтаныс адресаттардан электрондық поштадан сілтемелерді, SMS немесе әлеуметтік желілердегі хабарламаларды ашпаңыз;

- Белгісіз абоненттік нөмірлерден, әсіресе танымал қосымшалар (WhatsApp,Telegramm және т.б.) арқылы келетін қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеңіз. Бұл әсіресе бейне қоңырауларға қатысты;

- Сауалнама немесе дауыс беру үшін мессенджердегі кез келген топқа сізді қосса, дереу одан шығып кетіңіз;

- Ешқашан ешкімге құпия сөздер, логиндер, кодтар және басқа жеке деректерді (ЖСН, жеке куәлік, төлқұжат нөмірлері, төлем картасының деректемелері, соның ішінде картаның артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV/CVC коды), карта нөмірі және оның жарамдылық мерзімі) бермеңіз;

 - Құрылғыларыңызға (смартфондар, ноутбуктер және т.б.) антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және осы құрылғылардың операциялық жүйелерін үнемі жаңартып отырыңыз;

- Аккаунттарға екі сатылы қорғауды орнатыңыз;

- Егер сіз онлайн–сатып алуды жоспарласаңыз, операция туралы SMS немесе push- хабарландырулары қызметін қоса отырып, бөлек виртуалды (цифрлық) картаны тіркеңіз. Онлайн төлемдерге шектеу қойыңыз.

- Сатып алуды жоспарлап отырған интернет-дүкендердің шынайлығын мұқият тексеріңіз. Тек ресми және тексерілген онлайн ресурстарға кіріңіз;

- Жарнама бойынша сатып алу кезінде төлемді тауарды алғаннан кейін ғана жасаңыз;

- Банк қызметкерлерінен немесе ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар түскен кезде, сөйлесуді тоқтатып, ресми өкілдердің байланыс орталықтары арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын нақтылаңыз;

- жалпыға ортақ Wi-Fi желісі бар орынның әкімшісінен IP мекенжайын нақтылаңыз және қосылым атауын тексеріңіз;

 - Бейтаныс сайттарға тіркелмес бұрын, мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз (ол https:/ден басталуы керек);

- Жақын арада несие алуды жоспарламасаңыз, eGov мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салыңыз;  

- Егер сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түссе, дереу картаңызды бұғаттаңыз және аккаунттардың, электрондық поштаның және банктік қосымшалардың құпия сөздерін өзгертіңіз. Банк пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Бұл қауіпсіздік шараларының толық тізімі емес, өйткені алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын үнемі жетілдіріп отырады.

Сондықтан ресми БАҚ-тағы алаяқтық туралы жаңалықтарды қадағалаңыз, сонымен қатар алаяқтардың айлалары туралы егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз, себебі олар көбінесе қаскүнемдер үшін оңай нысанаға айналады.

 

 

 

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Василий Жұлдыз Нұрбекқызы

«Интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық жұмысы»
Дата публикации
23 августа 2024