Қызылқоға аудандық әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА

Қызылқоға аудандық әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

          «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Шешіміне қосымша

 Қызылқоға аудандық әкімінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

 

  1. «1993 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 38 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №4-5-116 болып тіркелген);
  2. «1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 35 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №N 4-5-103 болып тіркелген);
  3. «Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 26 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №28862 болып тіркелген).

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
22 августа 2024