ЖОБА
Қызылқоға аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қызылқоға аудандық әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
- «Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 49 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 156 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3265 болып тіркелген);
- «2009 жылы аудан азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 238 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-5-112 болып тіркелген);
- «Аудан бойынша 2009 жылдары мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 25 наурыздағы N 88 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-5-107 болып тіркелген);
- «2010 жылы аудан азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 113 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-127 болып тіркелген).