Заңды білу үлкен абырой

Заңды білу үлкен абырой

 

        Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Жалпы, бұл әрекеттер бойынша тиісті шара қолданудың негізі  - ол азаматтардың арыз-шағымы, өтініштері.

         2024 жылдың жеті айында  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке тұлғалардан 2 өтініш, 1 қабылдауға байланысты сұрау және  бөлімге тікелей 1 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.          

            Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.

          Жыл басынан бөлім арқылы ашылған facebook және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм  парақшаларында 25 әртүрлі  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау бағдарламалары,  хабарландырулар,  мәліметтер жарияланды.

         Еліміздің заңдылықтарын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, жалғасын таппақ.

         

 

 

 Аудандық кәсіпкерлік

 бөлімінің бас маманы                                                                        О.Отарбай

 

                

 

 

 

 

 

Заңды білу үлкен абырой
Дата публикации
20 августа 2024