Заңсыз сатушыларға жол берілмейді.

Заңсыз сатушыларға жол берілмейді.

 

         Таяуда аудан әкімі жанындағы «Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімімен  берілген тапсырмаға сай, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық кеңес  төрағасы, қоғам белсенділері, учаскелік полиция инспекторларымен бірге Миялы, Жангелдин, Ойыл, Қызылқоға, Жамбыл, Көздіғара, Тасшағыл ауылдық округтеріндегі 29 азық-түлік дүкендерін аралап, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Алкоголь өнімдерін сату бойынша Заңнама талаптарына сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға сағат 12:00-21:00 аралығына дейін сатуға тыйым салынады. Заңмен тиым салынған өнімді сату үшін жеке кәсіпкерде арнайы лицензия болуы шарт.

Аудан бойынша 46 азық-түлік дүкендерінде алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензия бар. Осы кәсіп иелеріне жоғарыда аталған екі қағида бойынша жеке кәсіпкерлерге арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметіне бойынша, жыл басынан бері алкоголь өнімдерін заңсыз сатушылар кездеспеген. Алайда кәсіпкерлік нысандарда шекті уақытқа қарамай бейәдеп қылық танытатын тұлғалар кездесіп, оларға түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.

 



Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы

Теңелбай Гүлжанат Сансызбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

Заңсыз сатушыларға жол берілмейді.
Дата публикации
15 августа 2024