Ескі техниканы есептен шығару?
Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының қозғаушы күштерінің бірі екені мәлім. Соның ішінде агробизнес пен мал шаруашылығы тікелей техниканың көмегімен дамитын салалар. Осы орайда, ауданымыздың машина трактор паркін жаңарту мақсатында ескі, жарамсыз етілген ауыл шаруашылығы техникаларын есептен шығару қалай жүзеге асатыны жөнінде тоқталсақ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына сай, Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні ішінде, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 жұмыс күні күн ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін сіз қызмет көрсетуші болып табылатын Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сұратылған құжаттар топтамасын тапсыруыңыз қажет. Тіркеу үшін алдымен ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) порталға тіркеліп, өтініш толтырып, сұратылған құжаттар топтамасын сканерлеу арқылы көшірмелерін енгізу қажет. Ескі, жарамсыз ауыл шаруашылығы техникаларын есептен шығарған кезде жеке тұлғалар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өтініш, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін тапсырады. Заңды тұлғалар осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес өтініш, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін, есептен шығару актісін ұсынған кезде тіркеуден алынады. Кәдеге жаратылатын тракторларға арналған тіркеу құжаттары немесе нөмірлік белгілері болмаған жағдайда, өтініштерде оларды жоғалту мән-жайлары, орны мен уақыты көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер салынған машиналар тіркеуден алынбайды, оларды тіркеуден алу салынған шектеулердің алынғанын куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүргізіледі. Сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне берілетін машиналар тіркеу есебінен алынған жағдайларда, сот орындаушыларына, өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына осы Қағидаларда машиналар иелерінің өкілдері үшін көзделген талаптар қолданылады.. Егер, машиналар ортақ меншікте болса, тіркеу есебінен алу барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
Техника иелерінің назарына ауыл шаруашылығы техникаларын түгендеп, есебін жүргізу мақсатында пайдаланылмай, тозығы жеткен трактор немесе трактор тіркемелерін, сонымен қатар, тіркелмеген ауыл шаруашылығы техникалары болса бөлімге хабарласуларыңыз сұралады. Сондай-ақ, ескі ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, тиісті нұсқаулықтарды орындауға шақырамыз.
Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,
аудандық ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары бөлімінің бас маманы.