Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының 2 тармағының 4,5 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына және Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылғы 2 тамыздағы №06-06-02-1-6/520 хатына сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылқоға ауданының 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Миялы ауылынан Мәдениет үйі мен өнер мектебін салу үшін, Миялы ауылында орналасқан «Nur Tau Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (директоры Т.Сарсенов) уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығындағы жалпы көлемі 1,35 гектар (кадастрлық нөмірі 04-62-007-1483) мәдениет үйі және жалпы көлемі 1,5 гектар (кадастрлық нөмірі 04-062-007-1482) өнер мектебі үшін берілген жер учаскелеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап алты ай болып белгіленсін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі, №39 ғимаратында орналасқан «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.
- «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
2) Жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында (1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын қоспағанда) белгіленген тәртіппен жүзеге асыруды ұйымдастырсын.
- Осы қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Иғали