«Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесіндегі  сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«13  маусым» 2024 жыл                                                              Қаракөл ауылы

 

         Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы  №74  өкімімен құрылған топпен 2024 жылдың 5 айы бойынша Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

3-13 маусым аралығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;

4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

5.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер.

         «Жамбыл  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы, М.Айшуақов 41.

1.Жұмыс тобының басшысы – Жамбыл ауылдық округ әкімі О.Аронов;

2.Жұмыс тобының мүшелері:

1.Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Наушабаева;

2.Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З.Суатова;

3.Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Калиева;

4.Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-есепшісі Т.Бисембайұлы;

  1. Жамбыл ауылдық округі бойынша аналар кеңесінің төрайымы Н.Аяшова

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер 5 бірлікті, техникалық қызметшілер 7 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған жоқ.

Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Жамбыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

 

 

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

«Жамбыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Жыл басынан бері 2024  жылдың 5 айында 1180 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 441 электрондық цифрлық қолтаңба және 739 электрондық түрде көрсетілетін қызмет көрсетілді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығы туралы тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтер бойынша «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды» Атырау облысының интернет ресурсына, яғни atyrau.gov.kz сайтына қағидалар орналастырылды.

        

         4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы баға ұсынысы тәсілімен 45 лот жарияланып, 45 келісім-шарт жасақталды. Айына екі рет мемлекеттік сатып алу порталына өзгеріс енгізіледі. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         2024 жылдың 5 айы бойынша округке  «E-otinish»  ақпараттық жүйесі арқылы жеке тұлғалардан 1 сұрау салу келіп түскен.

Оның ішінде жеке тұлғаның 1 сұрау салуына жазбаша түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалады.

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілерге жадынамалар, орталық көшеге           3 баннер, аудандық «Қызылқоға» газетіне 1 мақала жарияланды.

Округ бойынша сенім телефоны 41-4-25 бекітілген.

 

Сыбайлас жемқорлық талдау барысында анықталған тәуекелдер:

 

1-тәуекел:

Округ әкімі аппаратында трактор жүргізуші штаты болмауына байланысты теңгерімдегі МТЗ-82 тракторын уақытылы пайдалануға мүмкіндік болмай, қиындық туындауда. Соған сәйкес трактор жүргізуші штаты  мәселесін қарастыру.

 

Ұсыным:

Аудандық экономика және қаржы бөліміне округ әкімі аппаратына трактор жүргізуші штатын бөлу жөнінде сұраныс беру.

 

 

 

 

Жамбыл ауылдық округінің әкімі 

жұмысшы топтың басшысы                                                         О.Аронов

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                      А.Наушабаева

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                      З.Суатова

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                      Р.Калиева

 

 Жамбыл ауылдық округі бойынша аналар кеңесінің

  төрайымы , жұмысшы топтың мүшесі                                      Н.Аяшова

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маман-есепшісі                                                                       Т.Бисембайұлы

«Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
03 июля 2024