«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және
2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша талдамалық анықтама
30 мамыр 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2024 жылғы 25 сәуірдегі №58 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 6-30 мамыр аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қал құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 8. Атап айтқанда бөлім басшысы 1, бас маман – 4, басшының хатшысы – 1, әдіскер – 1, автокөлік жүргізуші – 1. Қазіргі уақытта 1 басшының хатшысының орны бос.
Бөлім арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді.
Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларына арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 3 246 083,0 мың.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 2 729 878,0 мың.теңгесі игерілсе, 516 205,0 мың теңге жеңімпаздың анықталмауына және жасалған жұмыстың болмауы себебінен игерілмеді.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 53 конкурс жарияланды. Конкурстарды камералдық бақылау нәтижесінде барлығы 14 ескерту беріліп, 6 конкурстың құжаттамаларына өзгеріс ензіліп, 8 конкурс тоқтатылды. Сонымен қатар, 16 баға ұсыныстарын сұрау жарияланды. Оның ішінде 15 баға ұсынысы толық орындалып, 1 баға ұсынысының жарияланған қаржысы қате болуына байланысты сатып алудан бас тартылды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады. Қазіргі уақытта, Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқандау туралы» №244 қаулысына сәйкес, «Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-сі Атырау қаласы мен аудандардың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалуына байланысты, конкурс тәсілімен барлық деңгейдегі мемлекеттік салып алуды ұйымдастырады.
Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығы бөлімге e-otinish ақпараттық жүйесімен заңды тұлғалардан 1 өтініш, 3 хабарлама, 2 сұрау және жеке тұлғалардан 4 арыз, 1 адвокаттық сұрау, 3 сұрау келіп түсті. Оның ішінде заңды тұлғаның 2 хабарламасына түсінік беріліп, 1 өтініш, 1 хабарлама және 2 сұрау қанағаттандырылды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың 3 арыз, 1 адвокаттық сұрауға және 3 сұрауға түсінік беріліп, 1 арыз қанағаттандырылды. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалды. Алайда, заңды тұлғаның өтініші мерзімінде тіркелгенімен өтініш түрі хабарлама болып өзгертіліп, заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты бас маман А.Бейбітовке ескерту түріндегі жаза қолданылды.
Қызылқоға аудандық құрылыс, әулет және қала құрылысы бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Бөлім аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ «Құқықтық шараларды талап етеді», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады» «Қызылқоға» газеті бетіне және бөлімнің фейзбук және инстаграм парақшаларында эскизді келісім алуға шағын видеороликтер жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-13-42 бекітілген.
Тәуекел: Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша барлығы 102 қызмет көрсетілген. Алайда, қызметтің барлығы тек қағаз нұсқада, қызмет алушыға тікелей көрсетілген. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығының 2-тарау, 5-тармағына сәйкес - Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электронного үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайтындығы көрсетілген. Осы бұйрықтың 2-тарау, 5-тармағына сәйкес - Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады. Құжаттарды қарау мен көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады – деп көрсетілген.
Алайда, 2022 жылдың маусым айында аудандық құрылыс бөліміне, сәулет және қала құрылысы бөлімі біріктірілгеннен бастап, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағаз нұсқада берілуде.
Ұсыным: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, көрсетілетін қызметті электрондық құжатта қабылдау үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс жолдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
электронды пошта: kizilkoga-stroi@mail.ru байланыс нөмері 8/71238/2-13-42.
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
|
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жұмысшы топтың жетекшісі
|
Д.Нығметов |
|
Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі
|
А.Бейбітов |
|
Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі
|
С.Бағытжанов |
|
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі |
Б.Нұрсайынов |