«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 

Миялы ауылы                                                                                21 маусым 2024 жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 15 мамырдағы  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы "№39 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 01 шілдесі мен 2024 жылдың 30 маусымы  аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылдың екінші жартыжылдығындағы және 2024 жылдың 6 айындағы жұмыс кезеңі қамтыды.

«Сыбайлас тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес мүгедектерге қызмет көрсетуде келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

1)Әлеуметтік көмек көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

1. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша:

1.1. Әлеуметтік көмек көрсету  бойынша;

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оныңмөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен  (бұдан әрі- Қаулы) Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтажазаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №ХІІІ-3 шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Қаулының 26 тармақшасында ауданының шегінен тыс тұрақтытұруға кеткен немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтікмекемелерге тұруға жіберген жағдайда тексеру тәртібін көздемейді. Лауазымды тұлғаларға жоғарыда аталған себептерді анықтауды өз бетінше жәнеөз қалауы бойынша тексеруге мүмкіндік береді.

Тексеруді кім жүргізетіні, қаймерзімде, рәсімнің мәні неде екендігі белгісіз болып қалады. Бірқатар тұжырымдамалық мәселелер реттеусіз қалып отырғандықтан, сыбайласжемқорлық тәуекелі болуы мүмкін. Тексерулер мен туындайтын шешімдер мәселелері лауазымды адамдардың еркін қарауына жатқызылатын болады. Қаулының 12 тамақшасында  Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

         Тізімдерді қандай «өзге де ұйымдар» ұсынуға құқылы екендігі белгісіз. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін "басқа" терминінің орнына әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету керек, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау керек. Нәтижесінде, қандай да бір сипаттамаларды құқықтық нормаға сәйкес деп санаған кез келген лауазымды адам өз қалауы бойынша шешім қабылдауы мүмкін. Осы нормаға сүйене отырып, лауазымды тұлға өз қалауы бойынша мүдделі немесе пайдалы ұйымдардан әртүрлі тізімдерді қабылдай алады. Мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін айқындау мүмкін емес лауазымды адамның және/немесе мемлекеттік органның өкілеттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы болып табылады. Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі шешім қабылдау мерзімдерінің, шарттарының немесе негіздерінің болмауымен немесе белгісіздігімен сипатталады. Осыған байланысты, лауазымды адамдарда өздерінің еркін қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету шарттарын өз бетінше анықтай алатындығына байланысты кең дискрециялық өкілеттіктер пайда болады.

Ұсыныстар:

Аудан әкімдігіне Әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету туралы, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау туралы ұсыныс енгізу.

2.      Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілсін                         (Әлеуметтік көмек алушылар бойынша).

 

2.1 Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

Бөлім қызметкерлерінің штаттық саны 2023 жылдың екінші жартыжылдығындағы және 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жағдай бойынша  4 адамды құрады.Бөлім басшысы болып А.Ғазезова басшылық етуде.

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі персоналды кадр бөлімі арқылы жүргізіледі.

Лауазымдық міндеттерге сәйкес әр қызметкерге жүктеме біркелкі бөлінген. Қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақыны бөлу біркелкі пайыз мөлшерінде жүргізіледі.

 

2.2 Мүдделер қақтығысы

Ұсынылған мәліметтерді талдау мүдделер қақтығысы фактілерін анықталган жоқ.

2.3 Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

  2.3.1. Мүгедектерге қызмет көрсету бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетілді.

Лауазымды тұлғалардың стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде лауазымды тұлғалардың тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілік уақтылы ұсынылады. Маманға сапалы және уақтылы ақпарат беру үшін жеке жауапкершілік жүктелген.

Бөлім мүгедектерге қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Барлығы 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 2871 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде жергілікті орган арқылы-26, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 623 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 2222 мемлекеттік қызмет, ақпараттық жүйелер арқылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

2024 жылғы 1қаңтардан 20 маусымға дейін дейін 846 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде жергілікті орган арқылы-32, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 429 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 385 мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

 

2.4 Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

 

                       2.5. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша;

2.5.1.Мемлекеттік сатып алу:

 Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтылып, бекітілген.

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.(бөлім басшысының 13.01.2023ж жылғы №04 бұйрығы, порталда 19.01.2023 бекітілді).

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады және олардың шартқа сәйкес орындалуы бақыланады. Бөлім бойынша 2023 жылдың 1 шілдеден кейін барлығы 2490,50 мың  теңгеге 18 мемлекеттік сатып алу шарты жасақталған, оның ішінде  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі конкурс арқылы-  10487,59 мың теңге,  баға ұсыныстарын сұрату арқылы -2420,31 мың теңге, бір көзден алу сатып алу арқылы-36,69 мың теңге, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша-33,5 мың теңге, екінші кезеңі ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары арқылы- 570,64 мың теңге. 

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.(бөлім басшысының 09.01.2024ж жылғы №03 бұйрығы, порталда 10.01.2024 бекітілді).

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады және олардың шартқа сәйкес орындалуы бақыланады.

 Бөлім бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлығы 30751,69 мың  теңгеге 30 мемлекеттік сатып алу шарты жасақталған, оның ішінде  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі конкурс арқылы-  22900 мың теңге,  баға ұсыныстарын сұрату арқылы -2711,57 мың теңге, бір көзден алу сатып алу арқылы-2223,55 мың теңге, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша-1805,59 мың теңге, екінші кезеңі ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары арқылы- 1110,98 мың теңге. 

  2.6 Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

2023 жылдың екінші жартыжылдығында 17 өтініш, 2024 жылдың  жартыжылдығында 7 түсті. Барлық өтініштерге белгіленген мерзімінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтай отырып қаралды.

Сыбайлас жемқорлық нәтижелері бойынша ұсынымдар:

     1.    Аудан әкімдігіне әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету туралы, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау туралы ұсыныс енгізу.

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

 

 

1

Утеугалиева Гулмира Суйеуовна

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы-топ жетекшісі

 

 

 

2

Канашова Гаухар Калыбаевна

Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің директоры.

 

 

 

3 ЖубаеваСанимгулСарсенгазиевна

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы

 

 

 

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
02 июля 2024